05.03.2026
Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" КММ. Заңды мекен жайы Жаңажол ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 4.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі бойынша 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 0 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 0 қызмет;
қағаз нұсқасында көрсетілген мемлекеттік қызметтер 0 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2023 жыл мен салыстырғанда Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі 9 қызмет көрсетті;
Білім беру саласында ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Жаңажол ауылының негізгі орта мектебінің ресми интернет ресурсында орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативті кқұқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2024 жылы Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі БАҚ және әлеуметтік желілерде 0 тікелей эфир өткізді. Көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 24 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс шаралар.
4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025жылы Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.